Зертхана туралы

Жаңа болашағы бар ғылым бағыттарының, оның ішінде нанотехнология, биотехнологияның пайда болуына әсер еткен барлық маңызды әлемдік ғылыми ашулар мен табыстар көбіне зерттеу құралдарының жаңа заманауи үлгісі мен оның жіті және терең анализдер, сынақтар жасауымен байланысты.  Көптеген отандық ҒЗИ мен жоғарғы оқу орындарындағы ғылыми зертханалар осы уақытқа дейін өткен ғасырдың 60-70 жылдарында шыққан приборлармен жұмыс істеп келді. Ал қазіргі заманауи құралдар  өздерінің техникалық мүмкіндіктерімен, жұмыс жасай алу дәрежесімен, бағдарламалық қаматамасыз етілуімен алысқа ұзап кеткен болатын.

Елбасы – Ұлт қолбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың бастауымен 2007 жылы заманауи аналитикалық құралдармен жабдықталған ашық типтегі ұлттық және инженерлік зертханалар құру шешімі қабылданды.

Мұндай зертханалардың бірі – М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да ашылған «Конструкциялық және биохимиялық материалдар» Инженерлік бейіндегі аймақтық сынақ зертханасы. (Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің 15.03.2007 ж № 120 бұйрығымен).

Инженерлік бейіндегі зертхананың  қызметі ғалымдар мен білім алушылар үшін заманауи құралдарда жіті және терең зерттеулер жасауға мүмкіндік туғызуды көздейді.  Мұндай мүмкіндіктер тек университеттің ғалымдары мен мамандарына ғана емес, сол аймақтағы барлық меншік түріне қарамастан, кез келген ұйымдар мен жоғарғы оқу орындарының қызметкерлеріне  қолжетімді болды.

Зертханада физика-химиялық анализ әдістерінің кешені дұрыс жолға қойылған:

- Жоғары  нәтижелі сұйықтық хроматографиясы

- УФ-спектрофотометриясы;

- электронды микроскопия және энергодисперсионды анализ;

- масс-спектрометрия;

- газ хромато-масс-спектрометриясы;

- атом-абсорбционды спектрометриясы;

- флюориметрия;

- ИК-Фурье спектрометриясы.

Университетте болған физика-химиялық зерттеу әдістерінің зертханасымен қосыла келе Инженерлік бейіндегі зертхана материалтану, химиялық технология, биохимия және биотехнология, тамақ және фармахимия, мұнай химиясы және т.б. саласында жұмыс атқаруға мүмкіндік беретін  заманауи зертханалық кешен құрды.

Зертханада келесі приборолар бар.

1 JEOL (Жапония) фирмасының кескінді электронды микроскопы JSM 6490LV  INCA Energy-350  (OXFORD Instruments, Ұлыбритания) энергия дисперсиялы микроанализ жүйесі және HKL Basis (OXFORD Instruments, Ұлыбритания) поликристалды объектілердің құрылымдық анализ жүйесімен жұмыс жасай алу мүмкіндігімен. Мұндай кешен нанодәрежеде органикалық және бейорганикалық заттардың өте жұқа құрылымын зерттеуге мүмкіндік береді. Үлкейтілуі бес еседен бастап 300 000 есеге және 3 нанометрге (3·10-9м) дейін рұқсат етілуімен ерекшеленеді. Бұл - осы класстағы жүйелер үшін ең үлкен рұқсат етілу мүмкіндігі.  Бір уақытта бордан уранға дейінгі химиялық элементтердің құрамын анализ жасай береді. Төменгі вакуумдық режимде биологиялық және полимерлік материалдарды, сонымен қатар құрамында мұнайы бар жыныстарды да зерттеу мүмкіндігіне ие.

2  Varian фирмасының (Австралия-АҚШ) Varian-820 MS Индуктивті-байланысқан плазмалық масс-спектрометрі. Бұл прибор 75 элемент бойынша заттардың элементті және изотопты құрамын бір минут ішінде ондаған пайыздардан 10-9 –не дейінгі сезгіштікпен анықтауға мүмкіндік береді.

 

3 Су, тамақ өнімдері, мұнай өнімдерінің, табиғи минералдардың, фармацевтикалық препараттардың және т.б. өнімдердің физика-химиялық анализдерін жасайтын тиімділігі жоғары Varian фирмасының (Австралия-АҚШ) жоғары сұйықтық хроматографы Varian-Pro.

4 Екісәулелі сканерлеуші УФ-спектрофотометр Varian «Cary-50» (Австралия-АҚШ). Тамақ өнімдері, су, сусын, фармпрепараттың анализін жасауға арналған прибор.

Сонымен зертхананың ары қарай дамуы және ғылыми бағыттарды кеңейту мақсатымен, тапсырыс берушілердің сұранысымен, аймақты дамыту басымдылығымен университеттің күшімен 2012 жылы  хромат-масс-спектрометрі, сұйықтық спектрометрі,  ИК-Фурье спектрофотометрі (Shimadzu, Жапония) алынды.

1. Газды хромато-масс-спектрометр GCMS-QP 2010Ultra (Shimadzu, Жапония), газды хроматограф пен масс-спектрометрдің комбинациясын береді. Тамақ, фармацевтикалық, ауылшаруашылық, және өнімдердің басқа да түрінің құрамына кіретін заттар мен байланыстарды, дәрілік, психотропты және есірткі заттарды, биологиялық жүйелерді анықтауға және табуға, экологиялық жағдайды бақылауға арналған.

2. IR Prestige-21 ИК-Фурье спектрометрі (Shimadzu, Жапония). Органикалық, элемент-органикалық, ерітінді немесе қатты фазадағы физикалық және бейорганикалық химиялық объектілердің құрылымын, оған қоса электронды құрылысын, ішкі және молекула аралық өзара әрекеттесудің ерекшеліктерін анықтауға арналған. Сонымен қатар жұтылу, өткізу, НПВО спектрлерін алу.

3. LC-20 Prominence сұйықтық хроматографы (Shimadzu, Жапония). Дәрілік препараттарды, жемді, витаминдерді, полимерлерді, тамақ өнімдері мен фармацевтикалық өнімдерді анализ жасауға және қоршаған орта объектілерін зерттеуге арналған.

4. «Наноэдюкатор 2» (НТ-МДТ, Ресей) – ғылыми-ағарту зерттеу кешені. Нанотехнологиялардың негіздерін зерттеуге арналған. Қолдану аймағы: материалтану (металдар, жартылай өткізгіштер, диэлектриктер, композициялық материалдар, полимерлер), биология (жасушалар, вирустер, бактериялар), сақтау орталары және сақтау құралдарын жинақтаушы, микро- және наноқұрылымдар (дифракционды жақтаулар, өзін ұйымдастыру жүйелері).

Сонымен қатар зертхананың алдына қойылған мақсаттар мен жүктемелердіатқару үшін зертхананың мүмкіндіктерін толық және тиімді пайдалануға септігін тигізетін приборлар мен құрылғылар орнатылды.

 

1

Дозиметр-радиометр МКС-АТ 1117М, барометр-анероид М67

2009

2

Ультрадыбыстық ванна

2009

3

рН-метр, колба қыздырғыштар, электр пештер

2010

4

Планетарлы диірмен Retch (1 дн.)

2011

5

Кептіргіш шкафтар (2 дн.)

2011

6

Муфель пештері (2 дн.)

2011

7

Аналитикалық таразылар (2 дн.)

2011

 

Зертхана Қазақстан Республикасының аккредитация жүйесінде  «Сынақ және калибрлік зертханалардың жұмыстарына жалпы талаптар» СТ ҚР ИСО/МЭК 17025-2007 талаптарына сәйкес аккредиттелген (аккредитация аттестаты № КZ.И.16.1048  2010 ж 25 қарашасынан). Аккредитация аумағы: микотосиндер мен бенз(а)пиренді анықтау бойынша тамақ өнеркәсібі мен ауылшаруашылық өнеркәсібінің өнімдерін сертификациялау сынақтары; алкогольсіз, әлсіз алкогольді сусындардағы тамақ қоспаларын; кофе идентификациясы; химиялық элементтері бойынша ас суы, табиғи, жерасты және жауын сулары.

2011 жылдан бастап инженерлік бейіндегі зертхана қоғамдық пайдаланудағы ғылыми зертхана ретінде базалық қаржыландырылатын субъект болып келетін ұйымдардың тізіміне кірді (ҚР Үкімет Қаулысы № 511 13.05.2011). Одан басқа, ҚР ғылым туралы Заңы бойынша, зертхана гранттық жобалар мен бағдарлама-нысаналық қаржыландыру субъектісі болып табылады..

Біз қызығушылық танытқын барлық ұйымдар мен ғалымдарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырамыз.

 

Қазақ