Бастапқы бет

Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру ел экономикасының инновациялық жаңғыртуға отандық ЖОО ғылымының белсенді қатысуын қажет етеді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандық ғалымдардың алдында қоятын міндеті – «адам өмірінің сапасын анағұрлым жақсартатын инновацияларға зен қою».

Мұндай инновацияларды жасау алдыңғы қатарлы білім, жаңа ғылыми ойлау және заманауи зерттеу платформасын қалыптастыруға негізделеді. Осыны қалыптастырудағы алғашқы қадам елдің жетекші ЖОО-да ұлттық және инженерлік бейіндегі аймақтық зертханалардың ашылуы болып табылады.

М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың  «Конструкциялық және биохимиялық материалдар» инженерлік бейінді аймақтық сынақ зертханасы конструкциялық және композиционды материалдар,  нанотехнология, тамақ өндірісі, ауылшаруашылық, ерітпе қоспалар, органикалық және бейорганикалық материалдар, фармацевтикалық және экологиялық биотехнология,  сирек кездесетін металдар және т.б. салаларда зерттеулер жүргізетін, қазіргі заманғы ғылыми орталық болып табылады. Заманауи зерттеу қондырғыларымен жасақталған лабораториялық кешен, әлемдік ғылымның қазіргі заманғы жетістіктері деңгейінде терең ғылыми зерттеулер жүргізе алады.

Осыған орай, ғалымдардың  халықаралық зерттеу жобаларын орындауға қатысуға, көптеген өнімдерге сынақтар жүргізуге, ұлттық және шетел компанияларының ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын жүзеге асыруға мүмкіншіліктері бар. Осының бәрі ғылымның, білімнің және өндірістің тиімді бірігуі үшін берік тірегі болады.

 

Ж.Мырхалыков,  М. Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры

Қазақ
Subscribe to irlip RSS